28 октября отмечается Международный день анимации. В этом году казахстанской анимации исполнилось 55-лет. На базе киностудии «Казахфильм» им. Шакена Айманова состоялось официальное открытие творческого объединения (ТО) «Казаханимация».
Первый отечественный мультфильм «Почему у ласточки хвост рожками» был снят в 1967 году киностудией «Казахфильм». Амен Хайдаров, выступивший режиссером-постановщиком данной картины стал основоположником и первопроходцем казахской анимации. И в честь юбилейной даты на мероприятии присутствовали ветераны отечественной анимации: Тамара Муканова, Эрнст Бийсеитов, Гульмира Садыкова, Галина Дусенко, Абай Токшабаев, легенда казахского кинематографа Асанали Ашимов и многие другие отечественные деятели культуры, внесшие весомый вклад в развитие казахской мультипликации.
Торжественное мероприятие началось с возложения цветов к Мемориалу Амена Хайдарова.
«В первую очередь, хотелось бы, искренне поздравить всех со столь значимой датой, а именно с 55 -летим казахской анимации. Этот праздничный юбилей посвящается всем, кто не покладая рук, вносил бесценный вклад в наше общее дело, а также отдельно, от имени творческого объединения «Казаханимация» хотелось бы выразить нашу безмерную благодарность ветеранам и пионерам казахской анимации. Они неустанно трудились десятилетиями и мечтали о том, чтобы в независимом Казахстане снова возродилась анимационная отрасль», -сказал в приветственном выступлении руководитель ТО «Казаханимация» Жанибек Оразалы.
В рамках начала работы творческого объединения «Казаханимация», в течении трех месяцев были проведены мастер-классы от ведущих мировых специалистов в области анимации. На обучающих занятиях спикерами выступили ведущие специалисты из РФ, Франции и многих других стран такие как: Константин Бронзит, Михаил Петрищев, Мария Корнилова, Эдвард Курчевский, Алексей Андреев, а также известные молодые казахстанские специалисты Адильбек Баян, Иван Ардашов и Маржан Жунисбек. За время проводимых мастер-классов, студенты и участники проекта посещали семинары, лекции и практические занятия зарубежных и казахстанских специалистов, перенимая их профессиональный опыт и знания.
На сегодня творческое объединение «Казаханимация» на конкурсной основе отобрало 20 сценариев из 167 заявленных, с крупных городов Республики. Проекты включают в себя анимационные ролики продолжительностью 5 минут. Завершить мультипликационные картины планируют до конца текущего года. Благодаря этим проектам появится возможность обеспечить работой молодых талантов в области анимации.
В рамках официального открытия творческого объединения «Казаханимация» для воспитанников детского дома «Жанұя» состоялся показ анимационного мультфильма «Мұзбалақ».
«Обычно мы смотрим мультфильмы по телевизору, а еще на Ютуб, там часто показывают Машу и Медведь, Фиксики, а иногда Смешариков, но мне больше нравится казахские мультфильмы, например: Музбалак, Батырлар жыры, Алдар Косе»- призналась Дина Болгынбаева.
Кроме того, за вклад в развитие казахской анимации ветераны и нынешнее поколение мультипликаторов были награждены благодарственными письмами от Министерства культуры и спорта РК.
Отметим, что очередной инициативой творческого объединения «Казаханимация» стала возможность прохождения стажировки в иностранных компаниях. В начале ноября казахстанские специалисты для повышения квалификации в области анимации отправятся в зарубежные студии Турции, Франция, Польши и Испании.
Для справки:
За 55 лет было снято около двухсот мультфильмов и ожило более тридцати анимационных студий. В 2018 году была создана Ассоциация анимационных киностудий, которая, в свою очередь, проводит множество мероприятий, имеющих духовно-культурное значение. Среди них-ежегодный Международный фестиваль Amen animation film festival. В следующем году исполняется 100 лет со дня рождения Амена Кайдара, отца казахского искусства анимационного кино. В преддверии столетнего юбилея творческое объединение «Казаханимация» по заказу Государственного центра поддержки национального кино работает над созданием короткометражного мультфильма «Дерево Амен ага».
____________________________________________________________________________________________________________________
28 қазанда Халықаралық анимация күні атап өтіледі. Биыл қазақстандық анимацияға 55 жыл толды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің (ШБ) ресми ашылу салтанаты өтті.
1967 жылы қазақ мультипликациясының тарихы қоюшы-режиссері Әмен Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш фильмінен бастау алды. Мерейтойлық датаға орай салтанатты шараға отандық анимация ардагерлері шақырылды. Олардың қатарында Тамара Мұқанова, Эрнст Бийсеитов, Гүлмира Садықова, Галина Дусенко, Абай Тоқшабаев, қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімов және қазақ анимациясының дамуына елеулі үлес қосқан басқа да көптеген отандық мәдениет қайраткерлері бар.
Салтанатты шара Әмен Қайдардың мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды.
«Бірінші кезекте, баршаңызды осындай маңызды күнмен, атап айтқанда, қазақ анимациясының 55 жылдығымен шын жүректен құттықтағым келеді. Бұл мерекелік мерейтой біздің ортақ ісімізге қажымай, баға жетпес үлес қосқан, қазақ анимациясының ардагерлері мен ізбасарларына шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Олар ондаған жылдар бойы тынымсыз еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанда анимациялық саланың қайта жандануын армандады», - деді «Қазақанимация» ШБ басшысы Жәнібек Оразалы құттықтау сөзінде.
«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысы басталғалы үш ай ішінде анимация саласындағы әлемнің жетекші мамандарынан шеберлік сыныптары өткізілді. Олардың қатарында Ресей Федерациясының, Францияның және басқа да көптеген елдердің жетекші мамандары Константин Бронзит, Михаил Петрищев, Мария Корнилова, Эдвард Курчевский, Алексей Андреев, сондай-ақ жас қазақстандық мамандар Әділбек Баян, Иван Ардашов және Маржан Жүнісбек бар. Оқу бағдарламасы барысында студенттер мен жоба қатысушылары шетелдік және қазақстандық мамандардың дәрістері мен практикалық сабақтарына қатысып, кәсіби тәжірибелерін шындады.
Бүгінгі таңда «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі конкурстық негізде республиканың ірі қалаларынан мәлімделген 167 сценарий ішінен үздік 20-сын таңдап алды. 5 минуттық анимациялық картиналардан тұратын 20 пилоттық жобаны желтоқсан айының соңына дейін аяқтау жоспарда тұр. Осы бастамалар арқасында анимация саласындағы жас таланттарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болды.
«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің ресми ашылуында «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Мұзбалақ» анимациялық мультфильмі көрсетілді.
«Біз мультфильмдерді әдетте теледидардан және YouTube - тан көреміз. Мысалы, Маша мен аю, Фиксиктер тағы басқалар. Бірақ маған қазақ мультфильмдері өте ұнайды. Бүгін мен «Мұзбалакты» алғаш көрдімүлкен әсер алдым. Басқа да «Батырлар жыры», «Алдар Көсе» сияқты қазақ мультфильмдерін сүйіп тамашалаймын» - деп бөлісті Дина Болғынбаева.
Сонымен қатар, шара барысында қазақ анимациясының дамуына қосқан үлесі үшін ардагерлер мен мультипликаторлардың қазіргі буыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
«Айта кетейік, «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің кезекті бастамасы шетелдік компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігі. Қараша айының басында отандық анимация саласындағы мамандар біліктілігін арттыру үшін Түркия, Франция, Польша және Испанияның белді шетелдік студияларына барады.
Қосымша ақпарат:
55 жыл ішінде екі жүзге жуық мультфильм түсіріліп, отыздан аса анимациялық студиялар өмірге келді. 2018 жылы анимациялық киностудиялар қауымдастығы құрылып, өз кезегінде бұл қауымдастық рухани-мәдени маңызы бар көптеген іс шаралар атқаруда. Соның ішінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық Amen animation film festival айрықша атап өтуге болады. Алдағы жылы Қазақ анимациялық кино өнерінің атасы Әмен Қайдардың туғанына бір ғасыр яғни 100 жыл толмақ. Соның айғағындай осынау ғасырлық мерейтой қарсаңында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «Әмен ағаның бәйтерегі» атты қысқаметражды мультфильм түсірілу үстінде.