31-10-2022
Казахстанский фильм взял главный приз на кинофестивале в Дубае / Қазақстандық фильм Дубайдағы кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды
  
        

Казахстанский художественный фильм  известного режиссера Булата Калымбетова получил главный приз на кинофестивале META Film Fest в Дубае. 

META Film Fest, новый международный кинофестиваль, охватывающий киноиндустрию Ближнего Востока, Азии и Африки, стартовал 27 октября в кинотеатре Vox Cinemas в торговом центре Nakheel Mall на Пальме Джумейра. На фестивале были продемонстрированы более 70 фильмов из 25 стран.

Отметим, что четыре казахстанских фильма: «Мукагали», «Рассвет Великой Степи», «Акын» и «Конокрады» были отобраны в конкурсную программу.

Картина «Мукагали», посвященная 90-летию известного казахского поэта Мукагали Макатаева, рассказывает о последних годах его жизни. Фильм снят киностудией «Казахфильм» имени Ш. Айманова по заказу Министерства культуры и спорта РК.
 
В казахстанский прокат фильм вышел 21 октября 2021 года.

Мировая премьера фильма состоялась в рамках 25-го Таллиннского кинофестиваля «Тёмные ночи» (PÖFF), где казахстанская картина была удостоена приза экуменического жюри. В марте текущего года биографическая картина была представлена в секции «Мировое кино» 26-го Международного кинофестиваля в Керале (Индия).Недавно фильм «Мукагали» получил специальный приз жюри на Казанском кинофестивале. А также  фильм удостоился специального диплома жюри за лучшую работу художника-постановщика Ермека Утегенова на Международном кинофестивале «Литература и кино» в Гатчине (Россия).

_______________________________________________________________________________________________________________________

Белгілі режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» көркем фильмі Дубайдағы Мeta Film Fest кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды.

Meta Film Fest, Таяу Шығыс, Азия және Африка киноиндустриясын қамтитын жаңа халықаралық кинофестиваль 27 қазанда Джумейра Пальмасындағы Nakheel Mall-дағы Vox Cinemas кинотеатрында басталды. Фестивальде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді.

Айта кетейік, төрт қазақстандық фильм «Мұқағали», «Ұлы дала таңы», «Ақын» және «Конокрады» кинофестиваль  байқауының негізгі бағдарламасына кірген болатын.

Белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» картинасы оның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. 

Фильм қазақстандық прокатқа 2021 жылдың 21 қазанында шыққан болатын.

Фильмнің әлемдік премьерасы 25-ші (PÖFF) Таллин кинофестивалі аясында өтті, онда қазақстандық картина экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды. Ағымдағы жылдың наурыз айында өмірбаяндық картина Кераладағы (Үндістан) 26-шы Халықаралық кинофестивальдің «Әлемдік кино» секциясында ұсынылды. Жақында «Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, фильм Гатчинадегі (Ресей) "Әдебиет және кино" Халықаралық кинофестивалінде қоюшы-суретші Ермек Өтегеновтың үздік жұмысы үшін қазылар алқасының арнайы дипломына ие болды.