02-11-2022
Казахстанский фильм «Мукагали» участвует на фестивале Азиатского кино в Испании/ Қазақстандық «Мұқағали» фильмі Испаниядағы Азия кинофестиваліне қатысады
  
        

С 26 октября по 6 ноября проходит Азиатский кинофестиваль в Барселоне  - ведущий фестиваль азиатского кино в Испании, который ежегодно представляет около ста показов из 25 стран Азии. 

Фестиваль предлагает несколько кинотуров по следующим разделам: «Официальный», «Официальная панорама», «Открытия», «Netpac» и «Специальный», все в конкурсе. На фестивале также представлены награды Asian Film Awards (AFA), которые ежегодно присуждаются Академией Asian Film Awards, базирующейся в Гонконге, и, наконец, раздел «Ретроспектива», который обычно посвящен азиатскому режиссеру. 

Ежегодно фестиваль повторяет свою деятельность не только в Барселоне, но его фильмография демонстрируется на других фестивалях и в других городах Испании.

Кинолента, снятая киностудией «Казахфильм» им. Ш.Айманова по заказу Министерства культуры и спорта РК, рассказывает о последних годах жизни легендарного казахского поэта Мукагали Макатаева. Мировая премьера фильма состоялась в рамках 25-го Таллиннского кинофестиваля «Тёмные ночи» (PÖFF), где казахстанская картина была удостоена приза экуменического жюри. В марте текущего года биографическая картина была представлена в секции «Мировое кино» 26-го Международного кинофестиваля в Керале (Индия). Фильм также получил специальный приз жюри на Казанском кинофестивале, удостоился специального диплома жюри за лучшую работу художника-постановщика Ермека Утегенова на Международном кинофестивале «Литература и кино» в Гатчине (Россия).

В конце октября казахстанский художественный фильм «Мукагали» получил главный приз на кинофестивале META Film Fest в Дубае.
_____________________________________________________________________________________________________________________

26 қазаннан 6 қараша аралығы Барселонада Азия кинофестивалі өтеді - Испаниядағы жетекші кинофестиваль жыл сайын Азияның 25 елінен жүзге жуық фильмдердің көрсетілімін ұсынады.

Фестиваль байқау ішінде бірнеше бөлімдер бойынша кинотурлар ұсынады. Сонымен қатар жыл сайын Asian Film Awards академиясы тағайындайтын Asian Film Awards (AFA) марапаттарын және соңында ең үздік азиялық режиссерді «Ретроспектива» бөлімі бойынша марапаттайды. 

Фестиваль жыл сайын Барселонада ғана емес, сонымен қатар оның фильмографиясы басқа фестивальдарда және Испанияның басқа қалаларында көрсетіледі.

Белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» картинасы оның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. 

Фильмнің әлемдік премьерасы 25-ші (PÖFF) Таллин кинофестивалі аясында өтті, онда қазақстандық картина экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды. Ағымдағы жылдың наурыз айында өмірбаяндық картина Кераладағы (Үндістан) 26-шы Халықаралық кинофестивальдің «Әлемдік кино» секциясында ұсынылды. Жақында «Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, фильм Гатчинадегі (Ресей) «Әдебиет және кино» Халықаралық кинофестивалінде қоюшы-суретші Ермек Өтегеновтың үздік жұмысы үшін қазылар алқасының арнайы дипломына ие болды. Сондай-ақ, қазан айының соңында фильм Дубайдағы META Film Fest кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.