15-11-2022
Казахстанский фильм «Зере» удостоился приза на кинофестивале «Лiстопад»/ Қазақстандық «Зере» фильмі «Лістапад» кинофестивалінде жүлделі орынға ие болды
  
        

Приз за лучшее звуковое (музыкальное) решение достался казахстанскому композитору Дане Зулпыхар за работу в фильме «Зере». 

Напомним, полнометражная картина «Зере от режиссера Даурена Камышбаева участвовала в Минском международном кинофестивале, который проходил с 4 по 11 ноября. 

Фильм «Зере» был снят при поддержке Qara Production «Казахфильм», Libertus Film, Cinema D и Жамбылского областного центра кино.
«Зере»- это драма с локальным, близким казахстанцам сюжетом. Она повествует о свободолюбивой девушке, восставшей против воли своей матери, когда после трагической гибели мужа она решает продать дочь в жены самому богатому и влиятельному человеку в ауле. Но Зере влюблена в гордого рыбака Талапа и сбегает с ним, чтобы тайно обвенчаться на соседнем острове.

Главные роли в картине исполнили Адина Бажан, Сануржан Сулейменов, Мурат Бисембин, Берик Айтжанов, Ольга Ландина, Елжас Рахим и другие, а сами съемки проходили в окрестностях озера Балхаш, на рыбацком острове Тайсойган, расположившемся на фоне мойынкумских песков.

Также в конце сентября в конкурсе полнометражных фильмов фестиваля «Киношок» в Москве казахстанский фильм «Зере» получил приз за лучшую музыку.
_______________________________________________________________________________________________________________________

Үздік дыбыстық (музыкалық) шешім үшін жүлде қазақстандық композитор Дана Зулпыхарға «Зере» фильміндегі жұмысы үшін берілді. 
Естеріңізге сала кетейік, режиссер Дәурен Қамышбаевтың «Зере» толықметражды картинасы 4-11 қараша аралығында өткен Минск халықаралық кинофестиваліне қатысқан еді.

Айта кетейік, «Зере» фильмі «Қазақфильм» киностудиясы, Qara Production, Libertus Film, cinema D және Жамбыл облыстық кино орталығының қолдауымен түсірілді. 

«Зере» - қазақстандықтарға жақын сюжеті бар драма. Ол күйеуінің қайғылы қазасынан кейін қызын ауылдағы ең бай және ықпалды адамға әйел ретінде сатуды шешкен кезде анасының еркіне қарсы шыққан бостандықты сүйетін қыз туралы айтады. Бірақ Зере тәкаппар Талап есімді балықшы жігітке ғашық болып, жасырын үйлену үшін онымен бірге қашып кетеді.

Кинокартинада басты рөлдерді Адина Бажан, Сануржан Сүлейменов, Мұрат Бисембин, Берік Айтжанов, Ольга Ландина, Елжас Рахим және басқа да актерлер сомдады. Фильмнің түсірілімі Балқаш көлінің маңында, Мойынқұм құмдарының фонында орналасқан Тайсойған балық аулау аралында өтті.

Сондай-ақ қыркүйек айының соңында Мәскеудегі «Киношок» фестивалінің толықметражды фильмдер байқауында қазақстандық «Зере»  фильмі Үздік музыка номинациясын жеңіп алған болатын.