28-11-2022
Казахфильм готовит полнометражный фильм про массовую приватизацию в Казахстане/ Қазақфильм Қазақстандағы жаппай жекешелендіру туралы толықметражды фильм түсіруде
  

Съемки картины под рабочим названием «Авель» стартовали в середине октября текущего года. Автором сценария и режиссером-постановщиком фильма является известный казахстанский кинорежиссер Елзат Ескендир.

По сюжету картины действие разворачивается в Казахстане в 1993 году.  Время, когда были распущены колхозы, в хозяйствах, коллективах царит разруха. Все имущество и скот, которое было всеобщим достоянием народа в эпоху Советского правительства, в один миг было прибрано к рукам, распределялось между людьми по их труду и заслугам, затрагивает тему распада Советского союза.

Полнометражный художественный фильм под рабочим названием «Авель» АО «Казахфильм» имени Ш.Айманова снимает при поддержке Государственного центра поддержки национального кино по заказу Министерства культуры и спорта РК.

Главный герой по имени Авель - авторитетный чабан одного известного колхоза. Он пасет скот всю свою сознательную жизнь. Однако, чтобы получить свою долю, ему придется столкнутся с серьезными трудностями и поворотами судьбы.

Основная часть съемок проходили в Уйгурском районе Алматинской области. По словам создателей фильма, в следующем году съемки еще продолжатся. 
_______________________________________________________________________________________________________________________

«Әбіл» атты жұмыс атауымен жаңа картинаның түсірілімі ағымдағы жылдың қазан айының ортасында басталды. Фильмнің сценарий авторы және қоюшы режиссері белгілі қазақстандық кинорежиссер Елзат Ескендір.

Картинаның сюжеті Кеңес Одағының ыдырау тақырыбын қозғайды. Оқиға Қазақстанда 1993 жылы өрбиді. Фильмде кеңес үкіметі дәуірінде халықтың жалпыға ортақ меншігі болған барлық мүлік пен мал бір сәтте қолға алынып, колхоздар таратылып, шаруа қожалықтары мен ұжымдардағы қирау кезеңі баяндалады. 

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Әбіл» жұмыс атауымен толықметражды көркем фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілуде.

Фильмнің басты кейіпкері- Әбіл есімді колхоздың беделді шопаны. Ол бүкіл саналы өмірін мал бағуға арнаған. Алайда, өз үлесін алу үшін ол үлкен қиындықтар мен тағдырдың тосын бұрылыстарына кезігеді.

Түсірілімнің негізгі бөлігі Алматы облысының Ұйғыр ауданында өтті. Түсірілім келесі жылы жалғасын табады.