30-11-2022
Фильм Адильхана Ержанова «Голиаф» попал лонг-лист «Золотого глобуса»/ Әділхан Ержановтың «Голиаф» фильмі «Алтын глобус» жүлдесіне үміткерлер тізімінде
  
        

Художественный фильм Адильхана Ержанова «Голиаф», снятый в жанре нуар, попал в лонг-лист премии Golden Globe Awards.

«Золотой глобус» (Golden Globe Awards)- американская премия, присуждаемая Голливудской ассоциацией иностранной прессы с 1944 года за работы в кинофильмах и телевизионных картинах. Премия «Золотой глобус» вручается каждый год в январе по результатам голосования примерно 90 международных журналистов, живущих в Голливуде.

80-я церемония вручения наград премии «Золотой глобус» за заслуги в области кинематографа и телевидения за 2022 год состоится 10 января 2023 года.

Сюжет казахстанско-российской картины «Голиаф», снятой отечественными компаниями Short brothers и Changepoint при участии киностудии «Казахфильм» и Cinerental, а также российских All Media (a START Company) и «Форест-Фильм», разворачивается в поселке Каратас, который давно оказался под властью местного авторитета Пошаева, известного своей жестокостью и импульсивностью. Он дает местным кров и работу, но безжалостно казнит тех, кто осмеливается пойти против него. Такая же участь ждет и семью бедняка Арзу, чья жена заявляет о творящихся в Каратасе преступлениях в полицию.

Съемки фильма прошли в пригороде Алматы летом прошлого года. В картине снялись известные казахстанские актеры: Берик Айтжанов, Данияр Алшинов, Альмира Турсын и Еркен Губашев. Также в фильме задействованы российские актеры Дмитрий Чеботарев и Александра Ревенко.

Мировая премьера фильма состоялась в конкурсе «Новые Горизонты» 79-го Венецианского Международного кинофестиваля (приз независимых кинокритиков «Bisato d’oro2 актерам Берику Айтжанову и Данияру Алшинову «За лучшую мужскую роль»).
______________________________________________________________________________________________________________________

Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» көркем фильмі Golden Globe Awards сыйлығына үміткерлер тізіміне енді.

«Алтын глобус» (Golden Globe Awards)- Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы 1944 жылдан бастап кинофильмдер мен телевизиялық картиналардағы жұмыстары үшін тағайындалатын американдық сыйлық. Алтын глобус сыйлығы жыл сайын қаңтар айында Голливудта тұратын 90-ға жуық халықаралық журналистердің дауыс беру нәтижесі бойынша беріледі.

2022 жылғы «Алтын глобус» сыйлығының 80-ші марапаттау рәсімі 2023 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Фильмді отандық «Қазақфильм» және Cinerental киностудиясы, Short Brothers, Changepoint, сондай-ақ ресейлік All Media (a START Company) және «Форест-Фильм» компанияларының қатысуымен түсірілген. 

Картинаның сюжеті Қаратас кентінде өрбиді. Фильмге арқау болған екі мифологиялық кейіпкер- Қаратас ауылын қол астына алған дөкей Пошаев (Данияр Алшынов) пен классикалық «кішкентай адам» Арзу (Берік Айтжанов). Туындының сюжеті олардың қарама-қайшылығы, Қаратас ауылының тұрғындары мен жергілікті озбыр арасындағы қарым-қатынасқа негізделген.

Фильмнің түсірілімі өткен жылдың жазында Алматы қаласының маңында өтті. Картинада белгілі қазақстандық актерлер: Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Альмира Тұрсын және Ерден Губашев ойнады. Сондай-ақ, фильмге ресейлік актерлер Дмитрий Чеботарев пен Александра Ревенко қатысты.

Фильмнің әлемдік премьерасы 79-шы Венеция Халықаралық кинофестивалінде өтті. Аталмыш кинофестивальде фильмнің басты кейіпкерлері Берік Айтжанов пен Данияр Алшыновқа («Вisato d' oro2» тәуелсіз киносыншыларының «Ең үздік ер адам рөлі» сыйлығы) табысталды.