08-12-2022
Казахстанские мультипликаторы создали 20 новых мультфильмов/ Отандық мультипликаторлар қазақ тілінде 20 жаңа мультфильм жасады
  

Министр культуры и спорта РК Д.А. Абаев посетил мероприятие по подведению итогов работы творческого объединения «Казаханимация».
 
В 2022 года было создано творческое объединение «Казаханимация» на базе киностудии «Казахфильм» им. Шакена Айманова. На сегодня творческое объединение создал 20 проектов, которые были отобраны из 167 заявленных, с разных крупных областей и городов Республики. Проекты включают в себя анимационные фильмы продолжительностью 5 минут. 

Целью и задачами творческого объединения «Казаханимации» являются поиск перспективных, молодых талантов среди казахстанцев, возрождение и развитие казахской анимационного искусства, а также продвижение отечественной мультипликации на международный рынок киноискусства.  

«2022 год стал знаменательным для национального искусства анимационного кино. Ведь в этом году казахскому искусству анимационного кино исполнилось 55 лет.  Также было создано творческое объединение «Казаханимация» на базе киностудии «Казахфильм» им. Шакена Айманова. Первый анимационный фильм «Почему у ласточки хвост рожками?», созданный в 1967 году, стал визитной карточкой гениального режиссера, получив широкое признание у общественности и заслуженных деятелей киноискусства. Амен Хайдаров воспитал несколько поколении отечественных мультипликаторов, создал неповторимый стиль казахской анимации. Сейчас мы уделяем большое внимание на возрождение казахстанской анимации. Используем большие технические и творческие возможности для создания ярких и всем понятных образов»- сказал министр культуры и спорта РК Даурен Абаев в своем приветственном слове.

Во время мероприятия министр культуры вручил награды и благодарственные письма ветеранам анимации. Медаль «Еңбек ардагері» вручили кинорежиссерам-мультипликаторам Гульмире Садыковой и Галине Дусенко и художнику-мультипликатору Эрнсту Бейсеитову.
Кроме того, были награждены сертификатами слушатели мастер-классов, проводимых в рамках ТО «Казаханимация» в период с 19 сентября по 4 ноября текущего года и слушателей, прошедших мастер-классы и практические занятия в странах дальнего зарубежья (Польша, Франция, Турция, Испания). 

Министру культуры продемонстрировали 20 новых проектов, созданных в рамках ТО «Казаханимация». Кроме того, казахстанские мультипликаторы подписали меморандумы с международными коллегами в области анимации.

Отметим, за 55 лет было снято более двухсот отечественных мультфильмов, ожило более тридцати анимационных студий. В 2018 году была создана Ассоциация анимационных киностудий, которая, в свою очередь, проводит множество мероприятий, имеющих духовно-культурное значение. В том числе ежегодный Международный фестиваль Amen. 

Всего в этом году на участие в фестивале Amen поступило 147 заявок от мультипликаторов Азербайджана, Грузии, Испании, Казахстана, Китая, Турции, Узбекистана и Франции, 55 из которых прошли отбор. Эти проекты были отобраны жюри, в которое вошли видные деятели отечественной и зарубежной анимации.
_______________________________________________________________________________________________________________________
ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.А.Абаев «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысымен танысып қайтты. 

Қазақстандық анимацияға биыл 55 жыл толды.  Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі (ШБ) ашылып, қазақ мультипликациясының жұмысы қайта жанданды. Бүгінгі таңда «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі конкурстық негізде республиканың ірі қалаларынан мәлімделген 167 сценарий ішінен үздік 20-сын таңдап, 5 минуттық анимациялық картиналардан тұратын 20 пилоттық жобаны аяқтап үлгерді.

«2022 жыл ұлттық анимациялық кино өнері үшін айтулы жыл болды. Себебі биыл қазақ анимациялық кино өнеріне 55 жыл толды.   Анимация саласы майталмандарының талай жылдан бергі арманы орындалып, Шәкен атамыздың атындағы «Қазақфильм» киноностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі жаңадан жасақталып, қайта құрылды. 1967 жылы қазақ мультипликациясының негізін қалаушы, ұлы режиссер Әмен Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш фильмінен бастау алған Қазақ анимациялық кино өнері еліміздің келешегі жас ұрпаққа жарты ғасырдан астам уақыт бойы толассыз қызмет етумен келеді», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтау сөзінде.

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысы басталғалы үш ай ішінде анимация саласындағы әлемнің жетекші мамандарынан шеберлік сыныптары өткізілді. Оқу бағдарламасы барысында 300-ден аса студенттер мен жоба қатысушылары шетелдік және қазақстандық мамандардың дәрістері мен практикалық сабақтарына қатысып, кәсіби тәжірибелерін шындады.

Іс-шара барысында Мәдениет министрі анимация ардагерлеріне марапаттар мен алғыс хаттар табыс етті. «Еңбек ардагері» медалімен , кинорежисер-мультипликаторлар Гүлмира Садықова мен Галина Дусенко және суретші-мультипликатор Эрнст Бейсеитов марапатталды. 
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қарашасы аралығында «Қазақанимация» ШБ шеңберінде өткізілген шеберлік сыныптарының тыңдаушылары және алыс шет елдерде (Польша, Франция, Түркия, Испания) шеберлік сыныптары мен практикалық сабақтардан өткен тыңдаушылар арнайы сертификаттармен марапатталды. 

Мәдениет министріне «Қазақанимация» ШБ шеңберінде құрылған 20 пилоттық жоба көрсетілді. Сонымен қатар, қазақстандық мультипликаторлар анимация саласындағы халықаралық әріптестерімен меморандумдарға қол қойылды.

Айта кетейік, 55 жыл ішінде отандық екі жүзден аса мультфильм түсіріліп, отыздан аса анимациялық студиялар өмірге келді. 2018 жылы анимациялық киностудиялар қауымдастығы құрылып, өз кезегінде бұл қауымдастық рухани-мәдени маңызы бар көптеген іс шараларды атқарып келеді. Соның ішінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық Amen фестивалі. 

Биылғы жылы Amen фестивалiне қатысуға Әзербайжан, Грузия, Испания, Қазақстан, Қытай, Түркия, Өзбекстан және Франция мультипликаторларынан барлығы 147 өтінім түсті, олардың 55-і іріктеуден өтті. Бұл жобаларды отандық және шетелдік анимацияның көрнекті қайраткерлері енген қазылар алқасы iрiктедi. 

Алдағы жылы қазақ анимациялық кино өнерінің атасы Әмен Қайдардың туғанына бір ғасыр, яғни 100 жыл толмақ. Соның айғағындай осынау ғасырлық мерейтой қарсаңында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» атты қысқаметражды мультфильм түсірілді.