Халық мерекесі күні Алматыда «Кино-Көрісу» іс-шарасы өтті. Оған кино саласының белгілі мамандары шақырылып, олар өз жобаларымен бөлісіп, Қазақстанның киноиндустриясын ілгерілетудің жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шараға танымал актерлер, режиссерлер және басқа да көптеген кино қайраткерлері қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс - шараның мақсаты-ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау және кино түсіру тәжірибесімен бөлісу үшін барлық кино мамандарын біріктіру.
«Біз мұндай іс-шараны алғаш рет осындай форматта ұйымдастырдық және бұл өте керемет. Бүгін көптеген танымал кино өкілдері жиналды. Олардың барлығы өз жаңалықтарымен бөлісті. Барлық кино қайраткерлерін біріктіретін осындай кештер келер жылдары да жалғасын табуы тиіс деп ойлаймын», - деп бөлісті шараны ұйымдастырушылардың бірі, продюсер Қуат Садықов.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті Серік Әбішев өз сөзінде Кино туралы шығып жатқан заңдар кинематографияны дамытуға қызмет ететін мемлекеттің орасан зор тетігі екенін айтты.
«Қазақстан кинематографиясын дамытуда «Қазақфильм» киностудиясы қандай да бір отандық функцияны атқаруы тиіс деп санаймын. Біз уақыт көшінен қалыспай ілгері дамуымыз керек», - деді Серік Әбішев өз сөзінде.
Іс-шара отандық кино өндірісіне үлес қосып жүрген көптеген адамдарды жинады. Олардың арасында танымал актерлер Санжар Мәдиев, Аслан Мәжит, Асқар Ілиясов, Жандос Айбасов, Әлішер Утев, Әсел Сағатова, Айнұр Ілиясова, Қарлығаш Мұхамеджанова және басқа да көптеген танымал тұлғалар бар.
______________________________________________________________________________________________________________________
В день народного праздника в Алматы состоялось мероприятие «Кино-Көрісу», куда были приглашены профессионалы в области кино. Киношники поделились своими проектами и обсудили новые возможности для продвижения киноиндустрии Казахстана. Мероприятие посетили известные актеры, режиссеры и многие другие кинодеятели.
По словам организаторов, цель мероприятия - объединить всех профессионалов в сфере кино, для обсуждения возможностей сотрудничества.
«Мы впервые организовали такое мероприятие в таком формате, и это очень круто. Сегодня собрались многие известные представители кино. Все они поделились своими новостями. И я надеюсь,что такое мероприятие, которое объединяет всех кинодеятелей должно найти свое продолжение и в последующих годах», - поделился один из организаторов мероприятия, продюсер Куат Садыков.
В своем выступлении, вице-президент АО «Казахфильм» имени Ш.Айманова Серик Абишев, заявил, что законы, выходящие о кино, являются огромным механизмом государства, которые служат для развития кинематографа.
«Я считаю, что в развитии кинематографии Казахстана киностудия «Казахфильм» должна нести какую-то отечественную функцию. И мы должны стремится идти в ногу со временем» - сказал в своем выступлении Серик Абишев.
Мероприятие собрало большое количество людей, которые несут свой вклад в отечественное кинопроизводство. Среди них известные актеры Санжар Мадиев, Асан Мажит, Аскар Ильясов, Жандос Айбасов, Алишер Утев, Асель Сагатова, Айнур Ильясова, Карлыгаш Мухамеджанова, и многие другие знаменитые личности.