21-04-2023
Танымал қазақстандық режиссерлер елордалық студенттерге шеберлік сыныптарын өткізді/Известные казахстанские режиссеры провели мастер-классы для столичных студентов
  

Сәуірдің 20-21 күндері Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде көрнекті кинотанушы, өнертану кандидаты, профессор, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің 75-жылдығына арналған «Бауыржан Нөгербек мұрасы: теория, сын және кинопедагогика» атты Халықаралық форум өтті. 

Форум аясында отандық және шетелдік кино зерттеушілерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті.
 
Сондай-ақ, екі күн бойы белгілі кинорежиссерлер Болат Қалымбетов пен Дәрежан Өмірбаев өз фильмдерін көрсетіп, шеберлік дәрістерін өткiздi. Бұған қоса кинотанушы Гүлнар Әбікеева «Кинотанушылық кітап: авторлық жинақ тәжірибесі» тақырыбында шеберлік дәрісін оқыды.
 
Айта кетейік, Форум Қазақ Ұлттық өнер университетінің 25- жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.
_______________________________________________________________________________________________________________________

20-21 апреля в Казахском Национальном университете искусств г. Астаны состоялся Международный форум «Наследие Бауыржана Ногербека: теория, критика и кинопедагогика», посвященный 75-летию выдающегося кинокритика, кандидата искусствоведения, профессора, основоположника профессионального киноведения в Казахстане, заслуженного деятеля Казахстана, кавалера ордена «Құрмет» Ногербека Бауыржана Рамазановича.
 
В рамках Форума состоялась научно-практическая конференция с участием отечественных и зарубежных исследователей кино.
 
Также в течение двух дней известные состоялся показ фильмов от кинорежиссеров Болата Калымбетова и Дарежана Омирбаева. Режиссёры провели мастер-класс для студентов. Кинокритик Гульнара Абикеева провела мастер-класс на тему «Киноведческая книга: опыт авторского сборника».
 
Отметим, Форум был организован в рамках празднования 25-летия Казахского Национального университета искусств.