28-04-2023
«Қазақфильм» киностудиясында Наурыз мерекесін атап өтті/На киностудии «Казахфильм» отпраздновали Наурыз

Ашық аспан астында үлкен дастархан жайылып, әсем киіз үйлер мен әткеншектер - алтыбақан орнатылды.

Мерекелік іс-шара барысында биылғы жылғы мерейтой иелері, қазақ кино өнерінің майталмандары: танымал кинорежиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың, қазақ және түркі анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдардың 100- жылдығы мен театр және кино актері Нұрмұқан Жантөриннің 95-жылдығына орай ұлы тұлғалардың есімдері еске алынып, шығармашылықтарынан сыр шертілді.

«Қазақфильм» киностудиясының территориясында қазақ үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды, сонымен қатар ұлттық спорт жарыстары ұйымдастырылды. Одан бөлек іс-шараның қонақтары наурыз-көженің дәмін татып, концерттік бағдарламаны тамашалады. 
________________________________________________________________________________________________________________________

Под открытым небом был накрыт щедрый дастархан с угощениями и установлены нарядные юрты и качели - алтыбакан.

Главным событием мероприятия стало 100-летие советского и казахского режиссёра Султан-Ахмета Ходжикова, основоположника казахской и тюрской анимации Амена Хайдара а также 95-летие актёра театра и кино Нурмухана Жантурина. 

Праздничная программа продолжилась концертной программой. На территории киностудии «Казахфильм», где были установлены юрты и алтыбакан, развернулись национальные спортивные игры: борьба, аркан тарту и др.  Также гостей угостили традиционным наурыз-коже и пловом.