28 шілде күні Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов киностудия ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Министр «Қазақфильм» киностудиясының жұмысын үйлестіру абыройлы әрі жауапты міндет екенін айтты.
«Отандық киноөнерінің «қара шаңырағы» саналатын Қазақфильм ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта, модернизацияның 2 кезеңін бастау керек»,- деді Асхат Оралов.
Асхат Оралов министрлік 2030 жылға қарай жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35% - ға дейін ұлғайтуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл ретте прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 30% - ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Министр киностудияның жаңа басшысы мен ұжымына сәттілік тілеп, табысты жұмыс атқаратынына сенім білдірді.
Азамат Сатыбалдыұлы ұзақ уақыт М.Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті, Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын 3 жыл бойы басқарды. Бүгінгі күнге дейін, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарып келген.
______________________________________________________________________________________________________________________
28 июля Министр культуры и спорта Асхат Оралов представил нового руководителя коллективу киностудии. Он отметил, что координация работы киностудии «Казахфильм» является важной и ответственной задачей.
«Казахфильм», считающийся колыбелью отечественного киноискусства, - это большая производственная организация. В прошлом году при киностудии было создано творческое объединение «Казаханимация». В рамках реализации поручения Главы государства по модернизации работы киностудии приобретено 87 единиц технического оборудования. В ближайшее время необходимо начать 2-й этап модернизации», - заявил Асхат Оралов.
Асхат Оралов также сообщил, что министерство намерено увеличить к 2030 году долю отечественных фильмов в общем кинопрокате, в том числе анимационных, до 35%. При этом ставится цель довести долю фильмов на казахском языке в прокате до 30%. Министр пожелал успехов новому руководителю и коллективу киностудии и выразил уверенность в успешной работе.
Азамат Сатыбалдыұлы долгое время работал в Казахском государственном академическом театре драмы им. М. Ауэзова, 3 года руководил Казахским государственным академическим театром для детей и юношества им. Габита Мусрепова. Ранее он работал ректором Казахской Национальной академии искусств имени Темирбека Жургенова.